Қаңбақ жыры – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қаңбақ жыры» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2650
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Өзімді алдаппын.
Желге ерсең — жерсізсің
Дегенге нанбаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Құйын мен шаңдақтың
Көшіне ілесіп,
Қызыққа қанбаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Кешірек аңдаппын,
Соңымнан қалмайтын
Сорлы дос таңдаппын.
Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Тынымсыз зар қақтым.
Ақыры апанға
Сауғалап жан бақтым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері