Барлық саусақ бірдей емес – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Барлық саусақ бірдей емес» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5298
Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Күләшті,
Сыбызғыңда ойнайды.
Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Тұрашты,
Домбыраңда ойнайды.
Кімдер біздің класты
Өнерсіз деп ойлайды.
Алсаңыздар Құбашты,
Қобызыңда ойнайды.
Рас, рас,
Кәрімнің
Райысы оңбайды.
Ол болса,
Ол бәріңнің
Нервіңізде ойнайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері