Шөлдегі сағым
Бұл бетте «Шөлдегі сағым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңіз боп көкжиек төнеді:
Толқындар кұлайды еңкейіп.
Алысың жақындап келеді,
Кішкенең кетеді үлкейіп.
Дегендей тіршілік бар тағы,
Аңдардың жаралы, ақсағын
Армандай өзіне тартады
Айна көл тәрізді ақ сағым.
Жоқтауы басылып мұң-желдің,
Жал құмдар жаңбырға малшынар.
Әзірше ақ сағым
Құм шөлдің
Түсіне кірген су, көл шығар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі