Құлжа

Бұл бетте «Құлжа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3757
Тағдыр жазса —
Талайлардың олжасы.
Тайып кетсе,
Тасқа тамар мол жасы.
Төрт тұяғын түйме тасқа сыйғызып,
Тау басында тұр арқардың құлжасы.
Қой емес ол еті үйренген көгенге,
Жүрегі оның сыймайды бір тегенге.
Құз-қияда
Қарамайды жоғары,
Қарайды ол жоғарыдан төменге.
Екі қанат сияқты оған екі өкпе,
Желдің өзі жарамайды жетекке.
Қайта-қайта қарайды ол бірақ та
Бір ғажабы —
Биікке емес —
Етекке!
Қалқан қылып сақтық деген сауытты,
Қызығын ол тау басынан тауыпты.
Биік үшін жаратылған жануар,
Тек төменнен күтеді екен қауіпті!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлжа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Құлжа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлжа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлжа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері