Нышан – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Нышан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2656
Көз ұшында тартып көктем кернейді,
Кең даланы бір қуаныш кернейді.
Көн даланың әжіміндей
Қатқақ жол
Күн көзіне алдыменен терлейді.
Бұтақтардан
Тұрған күнге қызынып
Моншақ-тамшы түседі әзер үзіліп.
Қардың мына бостығына ыза боп
Көк бет мұздың кеткен өңі бұзылып.
Алты ай қысқа қалай ғана төзесің?!
Жұрт дайындап жатыр наурыз көжесін.
Колхозшы ағай ауласының тұсынан
Өте бере уыз иісін сезесің!
Басқа құшақ —
Басқа ұяға паналар
Қызын ойлап күрсінеді аналар.
Ырдуандар қысқы ұйқыдан оянып,
Жазғы ұйқыға кетпек енді шаналар.
Қалмағандай қыстың елге бұлдары.
Сияқты аспан дымқыл сіңген былғары.
Маскүнемнің бас киімі тәрізді,
Шатырлардың құлағалы тұр қары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нышан өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Нышан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нышан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нышан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері