Сәуір

Бұл бетте «Сәуір» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3280
Жоқ қой бізде махаббаттан басқа уайым.
Жыр-көңілмен қалай ғана таспайын!
Жасыл фонтан болып көкке атылды
Жапырағын бұрқыратып жас қайың.
Найзағайдың қаһарына тап болып,
Күрсінді аспан көкірегін қақ бөліп.
Жердегі гүл ұшты көкке жұпар боп,
Көктегі бұлт қонды жерге қақ болып.
Көзіңді арбап,
Сезімді арбап
Таныс бақ
Қол бұлғайды ару болып табыспақ.
Қалғандай тау бұрынғыдан жақындап,
Кеткендей көк одан әрі алыстап.
Жаңбырдан соң бұлт пұшпағын нұр шалар,
Жанар толы әсер қанша жыршы алар.
Шымшықтардың жәудіреген көзіндей
Шық-тамшыдан моншақ тізді шаршалар.
Жыңғыл түгіл,
Тамыр тартып тасың да,
Жүзіп жүрді бүкіл әлем жасылда.
Шөпілдеді көктем толы көкжиек
Кемпірқосақ — иінағаштың басында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәуір өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сәуір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәуір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәуір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері