Қаңбақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қаңбақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3593
Кезіп ауыл арасын,
Ұшқан шығар иманың.
Қайда безіп барасың,
Қу даланың қаңбағы!
Бабаларың ілезде
Жер түбіне жететін.
Олар тіпті бір кезде
Ауған асып кететін.
Енді өзгерген өңірім,
Жетіп ұлы арманға.
Шыға алмайсың өмірі,
Кірсең қалың орманға
Жоқ дер едім
Қолымнан
Келетін бір көмегім,
Қалдырады жолыңнан
Көк теңіздей көк егін.
Жібермейді есесін
Асфальт деген тас мына.
Өтпек болсаң
Түсесің
Дөңгелектің астына.
Баспанасыз бүрсеңдеп,
Баяғыша амалда.
Бірақ қалай жүрсең де
Тірелесің каналға.
Жердің сонау түбінде
Жанып тұрған газ-оттар.
Кездеспейді бүгінде
Көшіп жүрген қазақтар.
Қуандырып ақынды
Қызыл бидай, сары масақ,
Қазақша емес,
Атыңды
Латынша оқып қалмасақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңбақ өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қаңбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері