Қала менің тұғырымдай

Бұл бетте «Қала менің тұғырымдай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3155
Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Шопан ұлы,
Жылқышы ұлы,
Қайтесің —
Төрт түлікті тұра алмайды сағынбай.
Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Диқан ұлы,
Қырман ұлы —
Қайтесің!—
Көк егінді тұра алмайды сағынбай!
Қалада мен тындырсам да көп істі,
Ұмыта алман
Дала деген қонысты...
Минскіде ауласына —
Гүл екпей —
Бидай еккен
Түсінем мен Коласты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала менің тұғырымдай өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қала менің тұғырымдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қала менің тұғырымдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала менің тұғырымдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері