Болатын оқиға

Бұл бетте «Болатын оқиға» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 784
Психологиялық өлең

Осы бір зұлым
Жасарын жасады,
Асарын асады...
Ғұмырында
Қаншама қиянат пен
Қаншама зорлық жасады.
Қоймады!
Тоймады!
Ойласа—
Қарақан басы мен
Жаны үшін ойлады.
Тойласа—
Қан ішіп тойлады.
Зорлықтан
Жұрт біткен қорықты.
Жұрт біткен торықты.
Сол жанға
Бір сөз айтуға
Бүкіл ел қорықты.
Мына дүние
Кепкен терідей
Тырысып барады...
... Күндердің күнінде
Сол бір жан
Тағы бір
Зұлымдық жасап—
Масаттанып! –
Айнаға қарады.
Дүние дүрлігіп,
Азынап жел тұрды.
Сол сәтте
Өзінің айнадағы бейнесі
Оның зұлымдығына
Шыдай алмастан
Айнадан атып шығып
Оны бассалып
Буындырып өлтірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болатын оқиға өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Болатын оқиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болатын оқиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болатын оқиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері