Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3958
Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің.
Жолы болғыш алайда сендейлердің...
Бой жеткісі келеді бала қыздың,
Жасарғысы келеді жеңгейлердің.
Кейбіреудің құдайдан ұзын қолы,
Кіргізесің амалсыз тізімге оны.
Боп-боз болып біреуге көрінген ай
Көрінеді біреуге қызыл болып.
Барар жері белгісіз бағытсыздың.
Ырқыңызға көне ме уақыт Сіздің?!
Бақыттының ажалдан құты қашса,
Шын өлгісі келеді бақытсыздың.
Көңілді ән бар тірлікте,
Қаралы ән бар.
Әр адамда өзінше дара мән бар.
Не біледі,
Не ұғады,
Бұл өмірге
Бір-ақ жанның көзімен қарағандар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұзы жеңіл тірлікте мендейлердің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері