Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән

Бұл бетте «Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2722
Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән,
Көрінбейтін көк мұнардан айналам.
Ақ сағымға қойып-қойып кететін
Асау көңіл ауыздығын шайнаған.
Автогендей ұшқын шашқан көзіңнен,
Алаулы шақ, түк қоймадың төзімнен.
Ауыз шіркін күюдейін күйді ғой
Арман қуып ала қашқан сезімнен.
Алағызба ақ жыны бар жыр атын
Ағайын ба ұлыларша ұғатын!?
Апармайтын жерге кейде апарып,
Жықпайтұғын жерге кейде жығатын.
Аққан кезде екпінімен жер тіліп,
Ат тұяғын қуыс-інге көр тығып!
Аунай түсіп абыройдың ерінен,
Айдалада жаттық қанша мертігіп!
Еліктірмес,
Желіктірмес түз кімді?!
Өкінішке бердік талай жүз күнді.
Амалсыздан үйрендім мен, ағайын,
Ақырында іркіп ұстап тізгінді!
Ойлы көзбен қарар болсаң досыңа,
Түсінерсің:
Осы жағдай,
Осы хал...
Аяғына қазан байлап жүгірген
Ертегінің жел аяғын есіңе ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкіректе бұрқ-сарқ етіп қайнап ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері