Асыл ойдың тереңіне – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Асыл ойдың тереңіне» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2984
Асыл ойдың тереңіне
Асығудың керегі не?
Көп қалмаған сияқты!
Қиял атты киігіме
Көтерілер биігіне
Көп қалмаған сияқты.
Шығатұғын төріме де,
Жететұғын жеріме де
Көп қалмаған сияқты.
Тұрған мақсат, тұрған мұрат
Жас жігер-ай! Ол да бірақ
Көп қалмаған сияқты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері