Тілдің туы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тілдің туы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 25892
Тілсіз келген білімнің
Түбі нағыз қиғылық.
Кесегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Дәулет деген —
Ұғыңдар!—
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса — күнің бар,
Тіл болмаса — түгің жоқ!
Тілім — шипам, дәрім де.
Мәңгүрт болып күн көрмен
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз ақын жеңді ме
Айтысқанда мықтымен?!
Отанды да, Елді де
Тіл арқылы ұқтым мен.
Жырға қосып алауын
Жалындаған от қыздың,
Жүректің де қалауын
Тіл арқылы жеткіздім.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа
Айналады — тіл тапсаң!
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қаныңда.
Байлық деген байлық па
Тіл байлығы жанында?!
Өз өмірің өзге өмір
Сияқты екен, қарағым,
Айналмаса сөзге бір
Ішіндегі қара мұң.
Неше түрлі гүліңмен
Әдемі ғой төңірек.
Айырылсаң тіліңнен,
Кетер едің мөңіреп!
Диқан жаңбыр тілемес
Жатқанда астық қырманда.
Басқа қамың түк емес,
Тілдің қамы тұрғанда!
Тілсіз келген білімнің
Түбі шатақ, қиғылық.
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың көзі жұмылмай.
Елдің туы жығылмас,
Тілдің туы жығылмай!


Пікірлер (1)

Наргиза

Маған қазақ тілінен өлең керек!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілдің туы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тілдің туы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілдің туы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілдің туы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері