Шаруа

Бұл бетте «Шаруа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3265
Мен үшін ауылымның әр күні өлең.
Махаббат дейтін мәңгі бар бір емен.
Ғажап қой
Алай-дүлей бораннан соң
Аулаға шығып алып қар күреген!
Көңілді шығып үйден,
От басынан,—
Жасыңда ұлылармен аттас ұлан,—
Ғажап қой
Шана үстінде жантайып бір
Жақыннан ашық күні шөп тасыған!
Жететін өміріме барсың арман.
Арманға қарсы шықпан,
Қарсы барман.
Ғажап қой
Туған жерде тірлік кешіп,
Ертемен отын жарған,
Мал суарған!
Баяғы еркін ауыл,
Еркін халық.
Күн батар көкжиекке өртін малып.
Ғажап қой
Буын сүрткен маңдайыңның
Басыңнан терлеп кеткен бөркіңді алып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шаруа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері