SOS! – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «SOS!» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2893
Естисің бе Таяу Шығыс солқылын?!
Есер дауыл суырады жол құмын.
Sos! Sos!— дейді Палестина күндіз-түн,
Тыңдасаң да ауаның қай толқынын.
Қасіретке бермей тұрып қостарды,
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар SOSтарды!
Оятыңдар ағайынды жанашыр,
Оятыңдар бауырларды,
Достарды!
Неге қаштың?
Қашсаң егер қоянсың!
Бетін сенің қара күйе боянсын!
Бас көтерсін елге деген сезімің,
Жерге деген махаббатың оянсын!
Сап-сары боп күйік шалған өсімдік
Шығарады,
Шығарады есіңді.
Жер бетінде адам саны көбейіп,
Адамдықтың азайғаны не сұмдық!
Бір адамды екінші адам атқанда
Ішкен асың бойыңа, дос, батқан ба?!
Көзің қалай ілінеді —
Жан емес —
Халық құрып,
Ұлттар құрып жатқанда?!
Есіттің бе зарын жетім ботаның?
Ол дауысты жеткізе алмас от-әнім.
Не масқара!—
Мүлік емес,
Мал емес —
Бір халықтың тартып алу Отанын!
Айына ай,
Жыл үстіне қосып жыл,
Зарлайды олар,
Зардан туып тосын жыр.
Үлкенде үй,
Сәбилерде бесік жоқ,
Палестина арабтары босып жүр!
Бір болғаннан емес дінім,
Құраным.
Бөлек менің аспаным һәм қыраным.
Бірақ, бірақ
Палестина үшін мен
Планета қоңырауын ұрамын!
Адамбысың?
Адам болсаң қосылдың.
Жақсылардың алам бәрін досым ғып,
Ошақ емес,
Отын емес,
Су емес —
Отаныңды тартып алу не сұмдық?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

SOS! өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

SOS! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

SOS! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

SOS! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері