Жан сәулем – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жан сәулем» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сені көп іздедім асу-белден,
Жайқалған жасыл орман, жасыл көлден.
Қанша рет көктем келіп, құс қайтса да,
Кеткен жоқ көңілімнен асыл бейнең.

Қайырмасы:

Еркесі даланың –
Жасқаншақ маралым.
Қай жерде жүрсің сен
Жаутаңдап жанарың.

Жан сәулем, жатсам-тұрсам – бұл өмірден
Бір сенің қызығыңды тіледім мен.
Қалқамның құлағына жете ме деп
Ұшырдым жыр-құсымды жүрегімнен.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері