Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - тәңір сыйы, тәтті күн!

Тұмылдырықтан тұмсықты алып тыныстап,
Кеуде тіктеп, қос қолымызға ту ұстап.
Еркіндік деген еңселі таңды атырып,
Бейбіт өмірге нық қадам бастық дұрыстап.

Есілдей есіп тәуелсіздіктің самалы,
Күн нұрын шашып, жұлдызым болды жоғары.
Ғасырлар бойы қилы заманды еңсеріп,
Бар әлем бізге тәуелсіз ел деп қарады.

Ал, қазір біздер мемлекет болдық сан ұлтты,
Қайсар қазағым, қайсар мінезін танытты.
Бабалар жүрген, боздақтар салған сара жол
Жаңарып, жасап, болашаққа бұрды бағытты.

Мақсаты айқын, рухын биікке қайраған,
Арда алашым сертінен әр кез таймаған.
Егемен елім, Елбасымызды қолдаушы
Еркіндік десе тұтығып қалмай сайраған.

Қазағым менің, міз қақпай өткен талай мұң,
Қазағым менің, ұрпағы дана Абайдың.
Дуалы ауыздан адуынды жырын жырласа,
Отты жырымен аузын жапқан талайдың.

Тәуелсіздіктің қашанда биік тұғыры,
Қорықпай кезіп даласын жортқан құлыны.
Тәңір сыйы, баға жетпес тәтті күн,
Бейбіт өмірдің мәңгі болсыншы ғұмыры!


Қазбекова Шолпан Құтжанқызы
Кеңес Одағының Батыры
Мәншүк Мәметова атындағы
Ақтөбе медициналық колледжінің студенті



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіздік – ел тұғыры!

  • 0
  • 0

Тәуелсіздік еліміздің тұғыры,
Мәңгілікке жайнай берші күн нұры.
Азаттық пен біз биікке самғаған,
Ұлы елміз еркіндікті қалаған.

Толық

Тәуелсіздік-тұғырым!

  • 0
  • 3

«Тәуелсіздік» деген сөздің құдіретін,
Әр қазақ жанындай сезінетін.
Себебі, бір-елімнің қайтпас халқы,
Алаш десе жүрегі езілетін.

Толық

Қарап көріңіз