Кім едің сен? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Кім едің сен?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Балғын жүзі албырап алау атқан,
Балапандай қанатын жаңа қаққан.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Ақ сәулеге оранып бара жатқан?

Қайырмасы:

Аққумысың, әнбісің
Күнде алдымнан шығатын.
Алаулаған таңбысың
Көз алдымда,
Көз алдымда тұратын.

Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде,
Орамалың желбіреп таңғы желге.
Айдалада абайсыз жолыққандай
Жанарымнан жасқанып қалдың неге?

Қайырмасы:

Күнде алдымнан шығасың таң алдында
Ақша бетің албырап алау нұрға.
Кім едің сен, қалқашым, кім едің сен,
Арман үшін, әлде сен жаралдың ба?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері