Көңіл – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көңіл» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3731
Әлем-далам мұнша неткен кең еді!
Қозы-көктем күн емшегін емеді.
Көк жайлауда құлын болып құйғытып,
Көк аспанға құс боп ұшқың келеді.
Неткен тұнық,
Неткен мөлдір көл еді!
Жүзіп берсең,
Қолтығыңнан демеді.
Тұңғиыққа күндіз-түні телмірген
Сәукелелі құрақ болғың келеді.
Неткен самал!
Неткен ерке жел еді!
Құшағыңа қуаныш боп енеді.
Желге айналып,
Қызыл тартқан қыздардың
Омырауын аймалағың келеді.
Неткен дарқан!
Неткен жомарт ел еді!
Көп ішінде ұмытып кетпей,
Еледі.
Қарттар қандай!
Сол қарттардың қолына
Су құятын бала болғың келеді.
Неткен ұзақ!
Неткен даңғыл жол еді!
Жол ақысы жүрген сайын өнеді.
Жүйрік жетпес жер түбінен сөз салып,
Осы ауылға құда түскің келеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері