Менің демоным – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Менің демоным» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 981
Жамандық - оның тілері,
Бірге ұшып бұлтпен мұңданған.
Қатерлі дауыл сүйері
Ақ көбік толқын, шулы орман.
Желге ұшқан сары жапырақтың,
Түр арасында тағы оның.
Үстінде өзі сол тақтың,
Түйеді үнсіз қабағын.
Көңілге күдік тастайды,
Сенбейді асыл арманға.
Тілекке құлақ аспайды,
Сескенген емес қаннан да.
Жаныңның жақсы әуенін,
Тастайды басып ол тағы.
Жалт еткен шабыт бөбегі,
Сұп-суық көзден қорқады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері