Жауап – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Жауап» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1060
Кімде-кім тартып азапты,
Жасытса жастық жігерін,
Қорқыныш, үміт ләззаты
Тебірентпес оның жүрегін.
Түкпірін сүйер жалғанның,
Тамбайды қайтып көз жасы.
Жеміссіз, бос арманның
Азығы болмас жолдасы.
Айрылған барлық сезімнен,
Жай түскен бейне бір томар,
Қалмаған еш із өмірден,
Жанар да сөнер, күл болар.
Нәр алмас бұтақ енді онан, -
Таңбасын тағдыр басты оған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері