Өлең, жыр, ақындар

Қос сұңқар

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 844
Жағасында Азаудың
Көгілдір дала көсілген,
Батыста батып алау күн,
Артынша құйын өсірген.
Осынау тағы далада
Отырды қыран тас тінтіп.
Қонды кеп жақын жағаға
Шаңқ ете қалып жас бүркіт.
"Көргеніңді айтшы, е, шырақ", -
Деді ол бұған бір қарап! "—
Түңіліп келдім дүниеден,
Қиянатшыл адамнан". "—
Жамандық еді ол не деген?" "—
Тас жүрек өңшең — арам жан.
Қыз ғашығын ұқпаған.
Сағыныш мұңын күлкі етіп.
Баланы әке жылытпаған
Баурына басып, ерке етіп.
Ермегі болған қыздардың
Шындықтан шыққан ыршып жас.
Табанында сұмдардың
Тапталған өңкей қыршын жас". "-
Бауырым айтшы, дегенмен
Не көрді көзің жалғаннан?
Түңіліп келдім дүниеңнен,
Опасыз өңкей жандардан.
Арам ой, арбау қошталып,
Жастарды көрдім бүлінген.
Ел жастары бүлінген.
Улы өмірін еске алып,
Қарттар белі бүгілген.
Адамдық, биік ар-намыс
Қасиетін кеткен аңғармай.
Қыз қылығы алдамыш
Жүрекке сұққан қанжардай".



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Графиня Растопчинаға

  • 0
  • 0

Сенем мен: бір жұлдыз астында
Сізбенен бір туған екенбіз.
Бір жолмен жүрдік те басында,
Бір түске алдандық бекер біз.

Толық

Баллада

  • 0
  • 0

Мекендеп Бургос жолын жүр деседі
бір сопы дара, тағы.
Күбірлеп тек құдаймен тілдеседі
еске алып садақаны.

Толық

Көрші қыз

  • 0
  • 0

Теңдікке сірә қол жетпес,
Түрмеде мәңгі қалдым ба?
Әйнектен ұшып ән де өтпес,
Сақшы тұр есік алдында.

Толық

Қарап көріңіз