Туған жер
Бұл бетте «Туған жер» атты Қадыр Мырза Әли жазған туған жер туралы өлең берілген.
Тыртығы бар тарихтың денесінде
Туған жердің ырқына көнесің де.
Көне етіктің ұлтанын жұлып алар
Көктемдегі көк сазың әлі есімде.
Ауылым-ай!
Уақыттың кемесінде
Зәкіріңді түсірмей келесің бе?!
Кеңсірікті қаңсытып жіберетін
Аңызағың,
Аптабың әлі есімде.
Көрген адам айтқан соң,
Сенесің де.
Инесі бар аяздың жебесінде.
Апта бойы ашылмай,
Көміп кетер
Алай-дүлей бораның әлі есімде.
Туғаннан соң, қайтесің өлесің де.
Жағасында өзеннің,
Дөңесінде
Бабам жатыр,
Атам мен әкем жатыр...
Бәрі есімде,
Туған жер,
Бәрі есімде!
Маған ұнады
Маған ұнады Қадыр мырза әлі нің өлеңдері қуаныш толы болады
Жақсы өлең қазақтар оқысын орыстардікін оқығанша
Норм
Өлең ұнады
Мен осы өлеңдермен жарысқа қатыстым 1орын алдым
оте керемет асерли
өте керемет ертең осы өлеңды сабақта айтамын ????
Өте күшті
Күшті шығарыңған
Мен осыны жарыста айтамын өте керемет сөзім жок!!!
Өте керемет ұнады жаман емес күшті біздің қазақтардың өлеңі күшті біз гениміз а так что если чё.Қазақтардың ақыны күшті
Мықты