Мамыр мен тамыр

Бұл бетте «Мамыр мен тамыр» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4433
Мамыр жайлы мен білетін көп кітап.
Мықты болсаң,
Айтылмаған жоқты тап.
Өткен күзде кесіп алған еменнің
Түбірінен көтерілді көк бұтақ.
Көктемнің бұл құдіреті көп пе еді!
Күн де нұрын тектен-текке төкпеді.
Шебер қолдар талдан тоқып тұрғызған
Шарбақтың да шыбықтары көктеді.
Күн көзінен алатұғын бұрын нәр
Ерте гүлдер Кавказдар мен Қырымдар.
Ұзақ тұрсам,
Тамыр жайып табаным,
Менің өзім көктеп кетер түрім бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыр мен тамыр өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Мамыр мен тамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыр мен тамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамыр мен тамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері