Шарапат – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шарапат» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2372
Өтпейді өмір жалғыз-ақ жыршылықпен.
Айдайды уақыт күндерді бір шыбықпен.
Талай-талай кез болды
Талай-талай
Түңіліп-ақ кететін тіршіліктен!
Аспанымда күлімдеп тұр сұлу ай,
Бірақ мына тағдырдың қырсығуы-ай!
Ай сұлудан көз алмай келе жатсам,
Аяғымнан шалады бір сұмырай!
Өрт шығады орынсыз ойыныңнан,
Өлең өзі мерт болып сойылыңнан.
Дос боп кіріп біреулер құшағыңа,
Жылан болып шығады қойыныңнан.
Дүбірлеген түзде той,
Үйде сауық.
Көңілдер мен көңілдер үйлес анық.
Сондай кеште біреулер жұтқызады
Мақтау сөздің ішіне ине салып!
Мұндай кештен кім-кім де жүдер еді.
Өмір көші осылай үдереді.
Сақтығыңды қалғытып әзәзілдер
Сеніміңді мас қылып жібереді.
Ешқашан да қан қылма қанжар басын!
Сүйе білу — жігітке сол жарасым.
Дәрмек жаққан болып-ақ кей ант ұрған
Ұшықтырып береді жан жарасын!
Ортақ болып тұрмыстың ауырына,
Көмектесу — міндетің бауырыңа.
Құйрығында құрты бар пәлекеттер
Көк шыбын боп қонады жауырыңа!
Сыздағанда жаныңның жарақаты,
Жегідей жер залымның марапаты.
Он адамның иттігін
Жуып-шайып
Жібереді біреудің шарапаты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шарапат өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шарапат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шарапат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шарапат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері