Өлең, жыр, ақындар

Ой

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2944
Жөні бөлек жолдағы әрбір қадамның.
Жөні бөлек тарихтағы қадамның.
Алғаш рет
Маймыл-ата басына
Ой келген күн —
Туған күні адамның.
Тап сол күні болған шығар той, сірә!
Қалған шығар біраз жеміс ойсырап.
Таба алды ма,
Таппады ма жауабын
Миға оралған сол алғашқы ой-сұрақ?!
Қандай ой ол?
Қандай пікір?
Неғайбыл.
Жұмбақ болып қалады ғой, ағай, бұл.
Дегенменен
Тұңғыш сұрақ — сол сұрақ,
Ең алғашқы Гамлет те — сол маймыл!
Қазір біздің жағдайымыз жақсырақ.
Қажымайды қиял деген ақ сұр ат.
Қалған, бірақ сол маймылдан біздерге
Қалың орман,
Қаптаған ой,
Көп сұрақ.
Көп сұрақты оңды-солды шашамын,
Желпілдетіп жауап жырдың шашағын.
Қуғанда да
Ойды ғана қуамын;
Қашқанда да
Ойдан ғана қашамын!
Содан талай басым қатып,
Дәрі іштім.
Айға қондым,
Жұлдыздардан әрі ұштым.
Ракета даңғылы емес,
Ой жолы —
Екі арасы қара Жер мен Ғарыштың!
Қандай ой ол?
Қандай пікір?
Неғайбыл.
Жұмбақ болып қалады ғой, ағай, бұл.
Дегенменен
Тұңғыш сұрақ — сол сұрақ,
Ең алғашқы Гамлет те — сол маймыл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шарапат

  • 0
  • 0

Өтпейді өмір жалғыз-ақ жыршылықпен.
Айдайды уақыт күндерді бір шыбықпен.
Талай-талай кез болды
Талай-талай

Толық

Александр дюма және астархан алабы

  • 0
  • 1

Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:

Толық

Білмейді, білмейді

  • 0
  • 1

— Бұлт деген не,
Бұлт деген?—
Деп сұрадым бір күні.
— Бұлт деген бе?

Толық

Қарап көріңіз