Өлең, жыр, ақындар

Айтатын сыр

  • 30.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4295
Айтатын сыр,
Жазатын жыр көп менде.
Шалқып жүріп байқамаппын көктемде.
Шаншу болып қадалған оқ сөздерден
Әжептәуір қара дақ бар өкпемде.
Жүзуді кім үйретеді үйрекке!
Жыр жазуды сен де маған үйретпе!
Ащысы мен тұщысынан тірліктің
Бір уыс тас жатыр мына бүйректе!
Маған деген құрмет кем бе,
Сый кем бе?!
Қай жұмысым келмей жатыр икемге?!
Домбыраның көп тартылған ішегіндей,
Байқап тұрсам,
Жұқарыпты жүйкем де!
Бірақ елге ырза болып жүремін.
Миллиардын беріп жатыр жыр-егін.
Кремльдің сағатындай
Жалғыз-ақ
Ырғағынан жаңылмаған жүрегім!



Пікірлер (1)

Таңатар Ақбұлғын

сіздерге бүгін алғыс айту күнінде мың алғыс !көп -көп рахмет !

Пікір қалдырыңыз

Жалғыздық

  • 0
  • 0

Ешкім жоқ қасымда,
Үй іші тып-тыныш.
Жалғыз-ақ
Басымда

Толық

Көшпелі құм

  • 1
  • 2

Көк шапан жамылмаған тал-ағаштан
Құм өзі аумайды екен жалаңаштан.
Жабайы жылқы ма екен
Жігіт желге

Толық

Күз

  • 0
  • 3

Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды.

Толық