Қашан сонау қызғалдағым семгелі

Бұл бетте «Қашан сонау қызғалдағым семгелі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2315
Қашан сонау қызғалдағым семгелі!
Қашан сонау қызыл шоғым сөнгелі!
Ширек ғасыр өтіп кетті,
Алайда
Қызғанасың,
Қызғанасың сен мені.
Кезім бар ма пәлеге бір ұрынған?!
Сен бірақ та осылайсың бұрыннан:
Қызғанасың
Сегіз өрім қамшыдай
Алдына сап айдап кетер бұрымнан.
Қашан ұзап кетіп едім төрімнен?
Мен емеспін қызықтырар көрінген.
Қызғанасың бірақ апорт беттерден,
Қызғанасың құлпынайдай еріннен!
Кезім бар ма әлде сені үркіткен?
Көгілдірді аяйсың ба бүркіттен?!
Қызғанасың қиған қастан садақтай,
Қызғанасың қара жебе кірпіктен!
Мұның бәрін өмірде мен ескергем.
Босқа айтыспа,
Әділ сөзде дес бермен.
Қызғанасың скрипка белдерден,
Қызғанасың егіз күмбез төстерден!
Арыстандай азу тісі ақсиған
Өтті жастық,
Айырылдық көп сыйдан.
Қарасаңшы боз қыраудай басыма,
Қарасаңшы сақалыма сапсиған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қашан сонау қызғалдағым семгелі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қашан сонау қызғалдағым семгелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қашан сонау қызғалдағым семгелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қашан сонау қызғалдағым семгелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері