Дүниенің тарлығы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Дүниенің тарлығы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4762
Дүниенің тарлығы
Қорқытпайды мені шын.
Не істесем де,
Барлығы
Өзім үшін,
Ел үшін.
Атақ үшін демеймін,
Алайда одан қашпаймын.
Аузымды ашсам,
Көмейім
Көрінеді,
Ашпаймын.
Қылымсымай,
Бәлденбей
Жөн қараймын даңққа.
Тіріде — өзің,
Өлгенде —
Атың керек халыққа.
Сол баяғы салтымыз,
Нардың жүгі түспейді.
Өлген соң да
Даңқымыз
Елге қызмет істейді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері