Бірте-бірте салбырап мұң масағы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бірте-бірте салбырап мұң масағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2558
Бірте-бірте салбырап мұң масағы,
Әзірейіл сайтанмен ымдасады.
Гүл бақшаның орынын алабота,
Көне қала орынын құм басады.
Түйілмесін!
Түйілсе жыл қабағы,
Қызды алады біртіндеп,
Ұлды алады.
Жанартаудың орнында жаман төбе,
Қызыл шоқтың орнында күл қалады.
Түк істемес жындының балағаты.
Өлмейтұғын жалғыз-ақ дана хаты.
Өсімдіктің артында бір түйір дән,
Ардагердің атында қалады аты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірте-бірте салбырап мұң масағы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бірте-бірте салбырап мұң масағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірте-бірте салбырап мұң масағы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бірте-бірте салбырап мұң масағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері