Өлең, жыр, ақындар

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3605
Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін.
Жастық құрған жібек торға түспедім.
Мен бір сағат кем ойнадым басқадан,
Мен бір сағат артық жұмыс істедім.
Жөні басқа аңыз бенен ертектің.
Жырдың қиын сынағынан ерте өттім.
Мен бір сағат кем ұйқтадым басқадан
Мен бір сағат артығырақ тер төктім.
Жоқ өмірдің маған берген пұрсаты.
Көп нәрсені ұқтырады жыр сапы:
Сол бір сағат артық еңбек арқылы
Биік тұрсам биік тұрам бір саты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері