Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3598
Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді,
Көп болмайды бірақ та,
Жаз өтеді.
Кім шығады бұл түннен,
Кім шықпайды?
Кім жетпейді ертеңге,
Кім жетеді?
Өзгені де өзіңдей білсең еді!
Күй сәулесі болмаса гүл семеді.
Таң болып кім атады,
Кім батады?
Кім жұлдыз боп жанады,
Кім сөнеді?
Тербетеді тентек жел тың даланы.
Тас бауыр бұлт құм-шөлге бұлданады.
Кім ақтайды үмітті,
Кім ақтамай?
Кім қалмайды тарихта,
Кім қалады?
Тұрғандай-ақ бәрі де өз қолыңда,
Тағы да бір әңгіме қозғадың ба?!
Бекер!
Бекер!
Ешкімнен қорықпайды
Жыр өсірген адамдар сөз бағында!
Қай кезде де ораққа құрбан құрақ.
Талай басты алды ғой жылдам бұрап.
Сол басты алған патшаның абыройы
Сол ақынның қолында тұрған бірақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері