Қиянатқа – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қиянатқа» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3350
Қиянатқа —
Көре тұра —
Кім шыдар!
Біреу тістер,
Біреу сені шымшылар.
Өлеңіңе құдай берер бағадан
Бірер баға кем қояды сыншылар.
Жүйрікке жат ең соңы боп келем деу.
Жақсыға жат жалған сөзге елеңдеу.
Қонақта да
Саған деген орыннан
Бірер орын отырасың төмендеу.
Кейбіреулер жоғарырақ өрлеген
Болар сені өп-өтірік көрмеген.
Оқасы жоқ!
Сарайында патшаның
Пушкинге де өз орынын бермеген!
Бұдан кейін не болары өзі анық.
Әңгімені одан әрі созалық.
Ештеңе емес сақалдан соң сөйлесең,
Сорлайсың-ау... нахалдан соң сөз алып!
Теріс ұққан бұл өлеңнің астарын
Ағайын-ау, қашан істер бастарың?!
Болашақта біздер жайлы не дейді
Сонау есік алдындағы жас дарын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері