Туыстық жайлы лепіріп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2827
Туыстық жайлы лепіріп,
Тұлпардан бетер желеді.
Бәрі де соның өтірік,
Бірақ та сенгің келеді.
Болып сол елдің өкілі,
Бауырыңа сенің енеді.
Өкілдігі де өтірік,
Бірақ та сенгің келеді.
Аяусыз сөзбен өлтіріп,
Арамды жерлеп-көмеді.
Онысы тағы өтірік,
Бірақ та сенгің келеді.
Ақырын сөйлеп отырып,
Абайға мені теңеді.
Бәрі де мұның өтірік,
Бірақ та сенгің келеді.
Бір кезде кенет өкіріп
Жылайды,
Жасын төгеді...
Онысы тағы өтірік,
Бірақ та сенгің келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туыстық жайлы лепіріп өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Туыстық жайлы лепіріп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Туыстық жайлы лепіріп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туыстық жайлы лепіріп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері