Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2038
Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа,
Шын даңқтың басыңа қонбасына.
Даңқ деген — мақала,
Баяндама
Емес, жолдас,
Жаздырар жолдасыңа.
Бұлай ойнау қауіпті халықпенен.
Бір пәлені аңғарып қалыпты өлең.
Жинап алып туысқан,
Туғанынды
Қол соқтыру емес қой даңқ деген.
Қадірлейді сөздің де жұрт қысқасын.
Абыройды азамат мықты ұстасын!
Даңқ деген — керемет аударма да
Емес дер ем...
Біледі ел түпнұсқасын!
Болайын да орысша,
Қазақшаңа!
Сияқтысың сырғыған ғажап шана.
Данқ деген — гүл емес, қыз бергенмен,
Алған болсаң оны да... өз ақшаңа!
Шығам десең,
Өнерде жатыр саты.
Оны ұқпаған өлеңде өтер шатып.
Сатып алдың әйтсе де бір даңқты,
Ол да сені түбінде кетер сатып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзім жеткен көргенде-ақ оңбасыңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері