Жалғыз дән

Бұл бетте «Жалғыз дән» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2589
Ежелден бізге, досым-ау,
Өмір мен өлім бұйырған.
Жер-ананың осынау,
Тұңғышы екен түйір дән.
Сол үшін қымбат ол маған,
Осы ғой нәрім, қорегім.
Әлі де пісіп толмаған,
Өзімді бір дән көремін.
Талайдың шешіп тағдырын,
Талайдың тамған көз жасы.
Суарған қанмен тамырын,
Бабамның бір дән өз басы.
Қарашы байқап, достарым,
Сонау бір белден андыздан.
Өткеннің бітпес дастанын,
Баяндап берер жалғыз дән.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз дән өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз дән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз дән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз дән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері