Өлең, жыр, ақындар

Табиғат тазалығы

  • 30.04.2019
  • 0
  • 5
  • 17296
Таза ауаға кешегі кім шанады?!.
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң көңілді кір шалады.
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба өзі тұрғаннан өңір налып?!
Ақ мамықтай ақша қар
Шаһарларға
Енді жауса жауады қоңырланып.
Көлдер қайда жататын сұқсыр қонып?
Қайда барсаң бір түтін бықсыр келіп...
Ақ көжек боп өкпеңе кірген самал
Шығарында шығады сұп-сұр болып!
Мұзды мұхит сол, мүмкін, қалпында әлі.
Мән берген жоқ әлі оған жарқын халық.
Мазут жұтып,
Ауырған бидауамен
Көрінбейді бүгінде алтын балық.
Шуда түтін
Шалқыған от төсінде
Шұбап тұрып алады көкке сіңбей.
Айналасы қызарған кейбір бұлттар
Ауру малдың қабарған өкпесіндей.
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
Дүние азса ол енді азады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда
Айналайын табиғат таза болмай!



Пікірлер (5)

Сымбат

Өте нашар тәуір өлең жоқ

Алма

Сымбат өзіңді кіммен салыстырдың?) Кімнің өлеңін сынап тұрғаныңды да білмейтін шығарсың) Сауатсыз болу қиын шығар а?)

Толеген

Кадыр акын заманында,куз,биик
Бурыл шашы бултка жетип тур тиип
Тусинбейтин адамдар бар улыны

Қаракөз

Қадыр Мырза Әлі ағамыздың өлеңдері керемет, мағынасы терең.

Шұғыла☄️

Қадыр Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» өлеңі бүгінгі қоғамдағы қоршаған ортаның ластануы мен табиғаттың өзгеруі мәселелерін ашық көрсетеді. Автор ауадағы түтін, көмір мен булар туралы суреттеп, экологияның адам өміріне тікелей әсерін көркем тілмен жеткізеді. Бұл туынды оқырманға табиғатты қорғаудың маңызын ойлануға шақырады.

Пікір қалдырыңыз

Досым екеуміз

  • 0
  • 1

Шекіссек те екеуміз,
Үйге жылап қайтпаймыз.
Сөзімізге бекембіз,
Апамызға айтпаймыз.

Толық

Ұсыныс

  • 0
  • 0

Класкомға лайық
Бір оқушы табайық,
Деп бәріміз жиналдық,
Келісе алмай қиналдық.

Толық

Аз да болса балалық еркелетті

  • 0
  • 0

Аз да болса балалық еркелетті,
Еркелетті,
Бірақ та ерте кетті.
Шегірткені көргенде

Толық

Қарап көріңіз