Тарпаң – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Тарпаң» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3027
Последний тарпан погиб в 1879 году
Борис Алмазов.

Қанаттанып қиялы
Қырат шерткен күйменен,
Қара тасты тұяғы
Қамырдайын илеген,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Алай-дүлей дауылда
Ана-дала тербеген,
Апта жауған жаңбырда
Жалы жатып көрмеген,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Тер басқанда
Сауыры
Жылт-жылт етіп құндыздай,
Жазылып бір бауыры
Зымыраған жұлдыздай
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Мал боп кеткен туысты
Менсінбедің, не болды?!
Жылқы жайған ұлысты
Елсінбедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Бермегенді
Қарысып
Алам дедің, не болды?!
Желмен жалғыз жарысып
Қалам дедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Қуғыншыға шалдырмай
Кетем дедің, не болды?!
Жүген-құрық салдырмай
Өтем дедің, не болды,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Туып-өскен өңірден
Түгел құртты тегіңді.
Абыройсыз өмірден
Артық көрдің өлімді,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Толғандырмас ел қамы
Талай-талай жүр масыл...
Сендер опат болғалы
Міне, бүгін бір ғасыр,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!
Жан-жануар аңсаған
Жұмақ тірлік жеткенде...
Қайғырамын мен саған
Өзім құрып кеткендей,
О, тарпаң-ай, тарпаң-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарпаң өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Тарпаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарпаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарпаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар