Өлеңдер жинағы - 664 бет

Қар жауып тұр

arshynkerei

Қар жауып тұр!
Ақ ұлпалары ауада ғана қалықтап,
Аспан - аппақ армандар ұялап алған ғарыш-бақ
Жерге қона алмай,

Толық оқу

Ұстазым

Өзім

Сізді алғаш көргенімде
Біліп едім, біліп едім,
Боларымды білімдінің кемелінде,
Сізге қарап армандадым,

Толық оқу

Сенімен өткен бір күнім

Кенгашова Айсәуле

Сенімен өткен бір күнім ...
Бағалы ғой алтындай жарқыным,
Уақыт шіркін тоқтап қалса болмаспеді .
Арамызда көп естелік қалмаспеді

Толық оқу

Қазақ

,,,

Қасқырдай қайсар мінез қазақтарды,
Қанша жерден халқымды азаптады.
Бөй көтеріп намысшыл бабаларым,
Қазағымды тәуелсіз азаттады.

Толық оқу

Туған жер

Aizhan201075

Туған жер тербетеді желіменен,
Мен қызы бұл қазақтың елім деген.
Жүрегім дүрсілдейді тебіреніп,
Киелі қазақ жері бəрін берген.

Толық оқу

Қыз сезімі

Aizhan201075

Қыз балалар сезімдерін,
Жеткізе алмай қиналады.
Тұңғиықта жүрек түбінде,
Жыр маржаны жиналады.

Толық оқу

Отан

Aizhan201075

Отан менің тұғырығым, бақытым,
Жүрегімнің жыр пернесін ағытты.
Отан бар да, жырымыз да жырланар,
Бақыт таңын, көзбен көріп шаттықты.

Толық оқу

Əз Наурыз!

Aizhan201075

Наурыз келді жаңарып,
Мұсылманға бар анық.
Қар да еріп далада,
Ағаштар да бүр жарып.

Толық оқу

Оспанға

Абай Құнанбайұлы

Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан бұрылмай,
Жау жүрек, жомарт құбылмай,

Толық оқу

Қиқар Ұлан

Akgul1992

Қиқар Ұлан маңқа мұрны пысылдап,
Ойы да жоқ әлдекімнен қысылмақ.
Қолындағы бәдіреннің қабығын
Әпкесіне сый ретінде ұсынбақ.

Толық оқу

Ару көктем

Akgul1992

Ысырып дүлей дауыл, өктем желді,
Көк майса, гүлге орап бөктерлерді,
Шаттықтың шомылдырып шуағына,
Күлімдеп ауылыма көктем келді.

Толық оқу

Марқа қозым

Akgul1992

Еңселігі қара терге малынып,
Әкем отыр қырықтығын қолға алып.
«Құрбандыққа кетем бе» деп қамығып,
Марқа қозым тыпырлайды долданып.

Толық оқу

Сырласу

Akgul1992

Жұбанышы жабырқаған жанымның,
Куәгері қамсыз бала шағымның,
Естелігі ескірмейтін күндердің –
Құрбым, сені сағындым...

Толық оқу

Ұрлау операциясы

Akgul1992

Менің апам – мейірімді, жақсы адам,
Бірақ, бізге бал татыған дәм керек.
Сәске түсте жасырынып бақшадан
Ұрлайтынбыз шытырлақ пен әңгелек.

Толық оқу

Әжені сағыну

Akgul1992

Терең ойдың құшағына малынып,
Қасиетті жыр-тұмарды тағынып,
Сезім билеп сансыраған санамды,
Отырмын мен ақ әжемді сағынып.

Толық оқу

Жұмбақ бейне

Akgul1992

Кім сезеді жүректегі жарамды?
Ішіндемін тұнжыраған қапастың.
Сезім билеп, сиқырлады санамды,
Қалың ойдың орманында адастым.

Толық оқу

Жігіт сөзі

Akgul1992

Қонақтады көңілге тағы да мұң,
Тырналады тіміскі ой тыртығымды.
Бұрымды қыз, таусыла сағынамын
Мойыл көзді, найзадай кірпігіңді.

Толық оқу

Сөзкеміргіш

Akgul1992

Жанымдағы жақсы деген адам да
Жырақ кетсе неге аяң тасиды?
Қайтсем екен,керең болып қалам ба?
Іштарлығын көріп ішім ашиды.

Толық оқу

Мадақ

Akgul1992

Сөздің басын бисмилламен ашайын,
Шабыт-тұлпар мініп, алға басайын.
Жаратылыстың ең көркемі, асылы –
Пайғамбарға мадақ-өлең жазайын.

Толық оқу

Бала тілек

Akgul1992

Жұмыртқаның жарымай уызына,
Аузын ашқан ақ үрпек балапандай,
Умаждалып тағдырдың уысына,
Сезбей жүрмін, от құшақ ана қандай?

Толық оқу

Әкешім

Akgul1992

Қол бұлғап көрінген
Жеті онның төріне
Жетіпсің ғой, әкешім.
Мәз болып марқайып,

Толық оқу

Өлең – өмір

Akgul1992

Ақындық кез-келгенге бұйырмайды,
Санаңды сансыз ойлар шиырлайды.
Шабыттың шағаласы шалқып жүрсе,
Құйылып жүрекке сөз тыйылмайды.

Толық оқу

Екінші өмір

Aizhan201075

Тағы да қыстың жүректі,
Нең бар менде, босатқай.
Əкеңнің құны қалды ма?
Сүйретіп көрге дұшпандай.

Толық оқу

Мен Қазақпын!

Abaykyzy

Мен қазақпын ұрпағы Көк Түріктің,
Тамшысы бар бойымда тектіліктің.
Ұлықтаған өрлігін ұлылардың,
Ұмытпаған дәстүрін ескіліктің.

Толық оқу

Өмір туралы

Құралов Мұхтар

Теңестірме мұхит суын теңізбен,
Теңестірме арықтарды семізбен.
"Жалғыз аттың шаңы шықпас" деген бар
Теңестірме жалғыз ізді он ізбен.

Толық оқу