Қазақша өлеңдер жинағы

Қазақша өлеңдер жинағы — бұл бөлімде қазақ әдебиетіндегі үздік өлеңдер, әдемі өлең шумақтары және толық өлең мәтіндері топтастырылған. Мұнда әртүрлі тақырыптағы қазақша өлеңдер, жүрекке әсер ететін жырлар мен мазмұнды туындылар ұсынылған.

Осы бөлімде махаббат, өмір, достық, ана, табиғат және басқа да тақырыптарды қамтитын өлеңдерді оқуға болады.

Егер сіз қазақша өлеңдер, қысқа шумақтар немесе толық өлең мәтіндерін іздесеңіз — осы жинақтан таба аласыз. Жаттауға, оқуға немесе бөлісуге арналған ең үздік өлеңдер осы жерде жинақталған.

Ұстаз-ұлағатты есім

Akzhunis

Ұстазым,асқар тауға жетелеген,
Ұстазым, анамдай мәпелеген.
Ұстаз ғой ақылшыңда,қамқоршың,
Сондықтан да басымды ием, алдыңда мен!

Толық оқу

Сен кеткелі

Адылханов Медет

Жан-жүрегім шаттанып шалқымапты,
Көз-көлімде мұң-аққу қалқып ақты.
Жырын оқы, жанындай жақсы көріп,
Сені сүйген, сен сүйген «ақымақтың».

Толық оқу

Махаббат мұңы

Адылханов Медет

Сезімімнің лайладың тұнықтарын,
Шын сүйгенің осы ма, сыр ұққаның.
Сен сындырған быт-шыт қып жүрегімнің
Құрай алмай жүрмін мен сынықтарын.

Толық оқу

Жаңа жылда-жаңа жыр

Самғар Жарқынбек

Ескі менен жаңасы кескілесіп,
Тағы да бір жыл кетті көшке ілесіп.
Жадыраттың жаңа жыл жанымызды,
Өткен жылғы өкініш кетсін өстіп.

Толық оқу

Нұртуған туған ауыл -Жыр!

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Жыр кемеден теңіз беттей қармадық,
Өлең жанды өмірденде жалғадық.
Тыныс дəмім нəрлі ауасын сезінген,
Жырлы ауылға нұрлы ұрпағын салған нық.

Толық оқу

Туған жер!

Akniettazhikhanova

Жүзді екен деп жүгі жұмбақ бір кеме,
Бақыт-бақты шет елдерден іздеме.
Туған жерге табын-дағы тер төккен,
Байлық деген тұнып тұр ғой іргеде.

Толық оқу

Елбасы монологы

Akniettazhikhanova

Қасиетті, қара нардай алып та,
Қорған болу басты міндет-халыққа.
Азаттығын аңсап жеткен қазақты,
Алып шығу басты парыз-жарыққа.

Толық оқу

Ұранымыз-Тәуелсіздік

Akzhunis

Болдық міне,Қазақ деген ұлтымыз,
Кетті талай батырымыз,қызымыз.
Боздақтарым өрімдей жас кезінде,
Қорған болған Қазақстан еліне.

Толық оқу

Ұранымыз-Тәуелсіздік

Akzhunis

Болдық міне,Қазақ деген ұлтымыз,
Кетті талай батырымыз,қызымыз.
Боздақтарым өрімдей жас кезінде,
Қорған болған Қазақастан еліне.

Толық оқу

Өмір ағын!

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Сұңғақ өмір! сиқырлады сыр əнін,
Басылғанша ,жазады екем құмарым.
Менің тұйық əлемімнің пердесі
Шашылатын күтетіндей шуағын.

Толық оқу

Мұқағали-бір өлең

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Дара тұлға, ұлы шайыр ,бір өрен
Жырларына сыйып жатқан бар əлем.
Тарихымен тамырында ұлылық
Орнап тұрар Мұқағали-бір өлең.

Толық оқу

Жан толғау

Əсем Іздібаева Сағынтайқызы

Əр қайғымнан ақ жүрегім қараңғы,
Не улайды түсінбеймін санамды?
Жақсылықты сирек қана сезініп,
Жиілетіп көре берем жаманды.

Толық оқу

Күзгі өлең

Қалқаман Сарин

Көңілде күлкі жоқ еш,
Келемін налып іштей.
Кездесу мүмкін емес,
...тек сендік сағыныш қой.

Толық оқу

Бала емізіп отыр ана

Қанипа Бұғыбаева

Бала емізіп отыр ана, ойын бөлмей басқа түк,
Бұл минуттан басқалардың көксегені бос бақыт.
Бала емізіп отыр ана, бір өмірді алға алып,
Мейірімі күн нұрындай махаббатқа жалғанып!

Толық оқу

* * *

Қалқаман Сарин

Жұлдыздардың жалынына Түн балқып,
Балбырайды, құшағында мұң қалқып
Сені еске сап айлы аспанның демінен,
Жұпар сезім тұрды аңқып.

Толық оқу

Поэзия

Тойлыбай Айнұр

Поэзия,
Жанымыз егіз екеуміздің,
Кім түсінген көңілді жете біздің?
Ауруын сезбейді басқалары

Толық оқу

Тәуелсіздік

Саьғар Жарқынбек

«Бісмілла» деп сыйынып сөз бастайын,
Ортаға салиқалы ой тастайын.
Береке мен бірлігі мықты болса
Ел іргесі мәңгілік тозбас дәйім.

Толық оқу

Мен-қазақпын

Самғар Жарқынбек

Тәуелсіздік - бабалар армандаған,
Тарихтары әлі де талданбаған.
Мен - қазақпын, кеудесін жау баспаған,
Жаны үшін жауына жалданбаған.

Толық оқу

Ұстазым

Мухамед Нуржанат

Көтердің мойныңа елдің жүгін,
Талмастан шаршамастан бердің білім.
Алғысымды іштегі ақтаруға,
Ақын болып алдыңа келдім бүгін.

Толық оқу

Бір өкініш

Onerkhan

Бір өкініш кеудемді менің кернейді,
Айталмаймын бұл жасырын бір сырымды,
Білдірмеймін сыртқы көзге мұнымды,
Жасырып келем күлкімнің арғы жағында,

Толық оқу

Мода дейді

Құсмамбетова Зибаш

Сылқымдар көп жүрген мода қуалап
Менсінбейді
Мына сылқым айналасын бағалап
Айналайын ұмытпашы келетінін есеп күн

Толық оқу

Туған жерге сағыныш

Құсмамбетова Зибаш

Туған жер таныс өлке,таныс аймақ,
Сендегі бар тіршілік жатыр қайнап.
Алыс жерден келгенде сағым қуып,
Келбетіңе көз салам тұрар жайнап

Толық оқу

Мендегі өлең

Құсмамбетова Зибаш

Талақ беріп қара сөзді тастасам,
Тақымымды қыса алмаспын ешқашан.
Кітап оқып сөз байлығым шектелмей,
Шабытыма жол ашады алды аспан.

Толық оқу

Кітап оқу-парызымыз!

gulbarmuftakhova

Өлеңмен өрнектесем өмірімді,
Мұң басса кей сәттерде көңілімді
Қуанып не шабыттанып жазармын мен,
Бағалап әрбір сәтті келер күнді

Толық оқу

Мәңгілік ел -мұратым !

polatova

Ілгері жылжып, дəйім тек алға барасың,
Биікке самғап, құз биіктерден асасың.
Дамуға ғана таудай талаппен жылжитын
Мәңгілік елім мәңгілік қана жасасын!

Толық оқу

Қазақша өлеңдер жинағы

Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.

Өлең шумақтары мен өлең жолдары

Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.

1, 2, 3 шумақ өлеңдер

Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.