Тілім –тірегім, соғып тұрған жүрегім
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім,
Туған тілім – тірегім мен тілегім.
Сенсіз қалай таныр едім әлемді,
Туған тілім жарығыммсың әдемі.
Туған тілім – соғып тұрған жүрегім,
Туған тілім – тірегім мен тілегім.
Сенсіз қалай таныр едім әлемді,
Туған тілім жарығыммсың әдемі.
Қайшы алысты шағалалар шарқ ұрып,
Нева лықсып, қарауытты жар тұнып.
Мойнын созып қарайды алыс Аврора,
Теңселемін сабырым сонша сарқылып.
Мінезіңнен не пайда,
Қадірлісі болмаса.
Анау айтты, иланып,
Мынау айтты, қиналып
Жадырайды, жаудырайды жазғы аспан,
Ақша бұлттар баурайында қаз басқан.
Алдым заңғар жолы жатыр бұралаң,
Таймау үшін келем көзді жазбастан.
Ей, адамдар!
Асықпайық, кіналауға бірімізді-біріміз,
Бәрімізде періште емес, жаратқанның құлымыз.
Ең әуелі, біз өзіміз кішіпейіл болайық,
Басты еңсені қалың ойлар — қорғасын,
Ұзақ жолдар сапарласым, жолдасым.
Россияның тәңірі болған — Петрдің,
Көріп тұрмын тақ пен тәжін, ордасын.
Қанатым менің талмашы ,
Шабытым өрге самғасын .
Жүргеніңіз әйел боп ,
Үйдегі , ердің , арқасы !
Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!
Қиялды Алтынбесік тербеді ме,
Көңіл кетті қанатын сермеді де.
Тасқындап қалайын бір нөсердейін,
Орамай тұрғанда жер жөргегіне.
Іші тар адамдардың қарғысы атып,
Жат пиғыл,
Арам іске ұрынды ма.
Көк шалқан толқындары жарды соғып,
Қазақта «Ғабиттер» көп,
«Ғабиден» көп,
Малданып ұлы есімге дәлиген тек.
Сәлем жоқ, сауқатта жоқ шіренеді,
Билікті соққан кезде бәрі білгіш,
Өзінен басқаларды кәріне ілгіш.
Жұмылып іс қылайық деген кезде,
Ат-тонын ала қашып әрі жүргіш.
Бұлыңғыр кейде болса да кеше, бүгін күн,
Сейілмей сірә тұрса да күпті күдігім.
«Үмітсіз-шайтан» ... талмаймын үміт етуден,
Алдама мені, үзіле көрме, ҮМІТІМ!
Басыңды қара жерден көтер қазақ!
Болғаның шет елдерге жетер мазақ.
Бойыңды тіктемесең жігерленіп,
Басыңнан өмір бойы кетер ме азап!
Қазақша оқы! Қазақша мені ұғамын десеңіз,
Қазақша ойла! Қазақша мені ұғамын десеңіз!
Қазақша ойлап, қазақша оқысаңыз сөзімді,
Бірге туған бауырдай туыстыққа көшеміз.
Қым-қуат өмір деген – күрес білем,
Тым-тырыс жүрген жанды кім естіген.
Той болсын бүгінгі күн адамзатқа,
Жырымды оңды-солды үлестірем!
Көшкенбіз күні кеше ауылдан біз,
Ауылды үзбей сосын сағынғанбыз.
Рахатқа өзімізше батып жүрген,
Бәріміз боқ тасыған қарындармыз.
Под одеждом красивой
Скрыт яркий солнечный одуванчик
И вот это яркая звезда
Открывается медленно в круговой
Головкин тегі Генадий ,
Бокста басты сценарий .
Қазақтың күшін танытқан ,
Рингте өзі қожа би !
Ұштыда кетті аспанға ,
Ажалың күтіп тосқанба .
Уақыты бітіп жердегі ,
Айналдың бұлыт асқарға .
Біздерге анық мәлімі ,
Генаның , текті тәлімі .
Жеңу менен Жеңілу ,
Алланың етер әмірі !
Шаншыма жүрек... өтінем сенен, шаншыма,
Шаршатты ма сені беймаза өмір жаншылап?
Шырмауы көп тағдыр бақытын бәлкім бұйыртар,
Шаншыма жүрек, көргейсің енді сәл шыдап...
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі