Бассейнге 60 литр су құйылып, 64 литр су шығарылады екен...))) Ілмектер: Бассейн, су Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бассейнге 60 литр су құйылып, 64 литр су шығарылады екен...)))
- Сəлем - Кімсің? - Танысайықшы - Танымайтын адаммен таныспаймын - Танитын адамдарыңмен танысып жүре бер онда танысу
Екі құрбы суретке түсіп жатыр, енді түскен суреттерін қарап отырып: - Фуу... ұсқынсыз. Түрді қарашы. - Ой, сенікі ештеңе емес, мені айтсай. - Енді сені айтып тұрмын ғой, - депті сурет, фото
Суық шай Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен. Суық шай, Қожанасыр
Жас суретшіге бір әйел келіп: — Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз? — деп сұрайды. — Бір мың доллар. — Айнытпай саласыз ба? — Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш. суретші
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі