Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды... Ілмектер: әдебиет, ұлт, Таптық жік Жүсіпбек Аймауытұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. — Бауыржан Момышұлы ұлт, сатқындық
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. — Мұхтар Әуезов ана тілі, тіл
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. — Мұхтар Әуезов ұл, қыз
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. — Мағжан Жұмабаев ұлт, тіл
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. — Ғабит Мүсірепов әдебиет, өнер
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі