Жігіт қадірі өнерімен өлшенер. Ілмектер: жігіт, қадір, жігіттік Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жігіт қадірі өнерімен өлшенер.
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Жігіттің жақсысы: Дұрыс сөзге тоқтай білген, Басқаны сөзіне тоқтата білген. — Әйтеке би жігіт, сөз
Нығметтің қадірі жоғалғанда білінеді. — Әбу Райхан Беруний нығмет, қадір
Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің, Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің. Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің. — Би-шешендер денсаулық, қадір
Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес. — Шал Құлекеұлы кедейлік, жігіт
Ата-ана қадірін білмеген – халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. — Ғабиден Мұстафин ата-ана, қадір
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. — Бауыржан Момышұлы ерлік, жігіт
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі