Жетпіс деген жел екен. Ілмектер: қарттық, жетпіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жетпіс деген жел екен.
Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді. — Майқы би қарттық, қартаю
Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады. — Махмұд Қашқари жастық шақ, қарттық
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың. — Жиренше шешен жас, жастық шақ
Жастығым өтті деп не керек уайым ғып, Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық. Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп, Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп! — Қадыр Мырза Әли жігіт, қарттық
Тоқсан бес деген торы екен, Дүйім жанның қоры екен, Қарайын десең – Екі жағың ор екен, Найза бойы жар екен, Түсіп кетсең түбіне, Түбі жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл екен – Келмейтұғын неме екен! — Бұқар жырау қарттық, қариялық
Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз. — Антон Макаренко бала, тәрбие
Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?» — Стивен Кинг жас, қарттық
Сексен бес жасқа келгенде, Екі қара көзді алар, Ауыздағы сөзді алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіңдегі нұрды алар, Етіңдегі шырды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар – Өлмегенде нең қалар?! — Бұқар жырау қарттық, сексен
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі