Аз дәлелден көп мағына тәлім болады, Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады. Ілмектер: дәлел, мағына, тәлім, уыс, дән, бидай, қасиет, мәлім Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Аз дәлелден көп мағына тәлім болады, Уыс дәннен бидайдың қасиеті мәлім болады.
Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында. өтірік, мағына
Кім сөйлейді – онда емес әңгіме, Ең бастысы – айтқан сөзі мәнді ме?! сөз, мән
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Еңкейгенге еңкей, Атаңның қара құлы емес. Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес. тәрбие, өнеге
Ерте тұрған жігіттің Ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің Бір ісі артық. ырыс, жігіт
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі