Атлас кисең, бөзіңді ұмытпа. Ілмектер: атлас, бөз Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Атлас кисең, бөзіңді ұмытпа.
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды. бойдақ, жігіт
Сөз – бөз емес, әрине, Салдарға шалбар тігетін. сөз, бөз
Бөзші бөзге жарымас. бөз, қырғыз мақалы
Атлас — қымбат, бөз — арзан, Көп сөйлеген сөз — арзан. арзан, қымбат
Байысаң да өлетұғын кез жетер, Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер. байлық, бөз
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі