— Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады. Ілмектер: әңгіме, жұмыс Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
— Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады.
Мұғалім үй жұмысына жалқаулық туралы шығарма жазып келіңдер деп тапсырма берген болатын. Жалқаулықты кім ең жақсы түрде сипаттаса жүлде бар дейді. Сыныптағылардың пікірі бойынша бір баланың шығармасы жалқаулықты ең жақсы түрде сиппаттады деп қабылданады, бірақ әлгі балаға мұғалім екі қояды. Өйткені ол іші бос парақ өткізген болатын. :) Мұғалім, жалқаулық
- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен? - Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы. заман, ата
Баласы мен әкесі: - Балам, өскенде кім болғың келеді? - Аяз ата! - Негеее? - О, күшті ғой қайта! Бір-ақ күн жұмыс істейсің да, 1 жыл бойы демаласың!!! Баласы мен әкесі, жұмыс
Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен))) жарық, интернет
Профессор Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» - деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», - депті. Профессор, студент
Ворд, пайнт және гугл хромды жақсы қолдана білетіндіктен мені жұмыста «программист» деп атайды. Ворд, пайнт
5 жасар ұл мен қыз баланың әңгімесі: Қыз жылап: - Менің құлағымды тесейін деп жатыр, - десе, ұл: - Сенікі ештеңе емес қой, менікін кесейін деп жатыр, - депті. қыз, ұл
Жұмыспен қамту орталғына жұмыс іздеп келген адамнан орталықтың қызметкері: - Бұрын не жұмыс істейтін едіңіз?- деп сұрайды. - Алматыда қолтырауын аулайтынмын. - О не дегеніңіз, Алматыда қолтырауын қайдан болсын? - Мен де сол себепті жұмыссыз жүрмін ғой,-деген екен. Алматы, крокодил
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі