Қазақ ойлайды: бiрлiк-ой ортақ, ас ортақ, киiм ортақ болса екен дейдi… Осы ма бiрлiк? Жоқ, бiрлiк — ақылға бiрлiк, малға ортақтық емес, малыңды берiп отырсаң, атасы басқа, дiнi басқалар, күнi басқалар да жалданып, бiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса — антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек. Сонда әркiм несiбесiн құдайдан тiлейдi. Әйтпесе, құдайдан тiлемейдi, шаруа iздемейдi. Әуелi бiр-бiрiне пәле iздейдi. Не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қарғанатын, әйтеуiр, бiрiн-бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты.
Ілмектер: бірлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, амал, алдау Абай Құнанбайұлы
Ғашықтық адамның өзін-өзі алдаудан басталады, ал аяғы біреуді алдаумен тынады.
Толық оқу (пікір жазу)
Халықтың бір бөлігін өмір бойы алдауға болар, тіпті, барша халықты та біршама уақыт алдауға болады, алайда, бар халықты өмір бойы алдауға бо...
Толық оқу (пікір жазу)
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Дональд Трамп
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі