Жастық шақ — даналықты қабылдайтын уақыт, кәрілік — оны пайдаланатын уақыт. Ілмектер: жастық шақ, даналық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт, кәрілік Жан-Жак Руссо Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жастық шақ — даналықты қабылдайтын уақыт, кәрілік — оны пайдаланатын уақыт.
Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса. “You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.” Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс. PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті. — Марк Аврелий жауапкершілік, саналы таңдау
Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен. — Бұқар жырау өмір, ажал
Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді. — Майқы би қарттық, қартаю
Жастық шақ — ерлік жасар кезең. — Мари-Анри Бейль Стендаль жастық шақ, ерлік
Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы. — Назым Хикмет Ран жастық шақ, арман
Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас.Осыған әрқашанда әзір болу керек. — Бауыржан Момышұлы жастық шақ, жиырма жас
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер, Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер. Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә, Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер... — Омар Хайям өмір, кәрілік
Жастық шағың — жарқын жаздың бейнесі, Құтты жаздың ала алсаң жоқ, бермесі. — Сәбит Мұқанов жастық шақ
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі